USD
USD
USD

Еліміздің 8 облысында төтенше жағдай режимі сақталады

Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев еліміздің біраз өңірін жайлаған су тасқынының зардаптарымен күрес жұмыстарын баяндады. Ол сондай-ақ Атырау облысында осы аптада тасқынның қауіпті кезеңі күтіліп отырғанын мәлімдеді.

Бөгет
Фото: ТЖМ

Астана, NEGE. «Қазіргі уақытта еліміздегі су тасқынының жалпы жағдайы тұрақталып келеді. Осы аптада Атырау облысында су тасқынының қауіпті кезеңі келе жатыр. Қазір жайық өзеніндегі су деңгейі Индербор және Махамбет аудандарында су бекеттеріндегі қауіпті белгілерден асып түсіп жатыр. Аймақта тиісті бөгеттерді күшейту жұмыстары жалғасуда. Өңірде барлығы 500 шақырымнан астам бөгет салынған», – деді ол өз баяндамасында.

Сондай-ақ Қ.Бозымбаев еліміздің 8 облысында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимінің сақталып отырғанын атап өтті.

«Ақтөбе облысының екі елді мекенімен әлі де көлік қатынасы жоқ. Олар азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Үш өңірде күйдіргі көмілген 10 аумақты су басқан болатын. Қазір тиісті жергілікті жерлерде жедел дезинфекциялық шаралар жүргізіліп жатыр», – деді ол.

                                                                                                                                                                                                         Сағадат БАҚЫТБЕК

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында бір стоматолог бір мезгілде ондаған пациенттің «тісін емдеген»

Стоматолог

Оқушы қыздар халықаралық математика олимпиадасында үш медаль жеңіп алды

Математика олимпиадасы

Ақмола облысында ерлі-зайыпты суррогат анамен соттасып, ақшасын қайтарып алды

суррогат ана

Концерттерге жалған билеттер сатылуда – ІІМ

алаяқ