Референдум Референдум
USD
USD
USD

Еліміздегі дүкен сөрелерінің 50%-ы қазақстандық тауарлар

Үкімет Президент Жолдауында айтылған тапсырмаларға сәйкес, ішкі нарықты қорғау және отандық өндірушілерді қолдау шараларын күшейтуде. 2025 жылдың мамыр айында тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізілді.

Отандық тауар өндірушілер
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі жасалып жатыр, бұл компанияларға мемлекеттік қолдау шараларына, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Дүкен сөрелеріндегі отандық тауарлар үлесін арттыру мақсатында отандық өндірушілер өнімдері үшін кемінде 50% сөрелік кеңістікті көздейтін бағдарлама іске қосылды.

Сонымен қатар сапасыз әрі қауіпті өнімдердің нарыққа енуіне шектеу қою бағытында белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Барлық бақылаушы органдардың қатысуымен Ахуалдық штаб тиімді жұмыс атқаруда. 47 мыңнан астам көлік тексерілді, тауарлық салмақта бұл 600 мың тоннадан астам мал шаруашылығы өнімдері. Оның ішінде 900-ден астам автокөлік кері қайтарылды, 1 мыңнан астам сәйкестікті растау құжаттарының күші жойылды»,

– деп атап өтті Арман Шаққалиев.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды

 Республикалық ТКШ Альянсы

Польшада қазақстандық әйел қаза тапты

 Екатерина Шилова

Трамп Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша алып тастады

Ресей мұнайы тиелген танкер

Әскерде тағы бір сарбаз мерт болды

Әскери адам, сарбаз