USD
USD
USD

Еліміздегі 5 теміржол вокзалында жөндеу жұмыстары аяқталды

Бес теміржол вокзалын – Екібастұз, Павлодар, Шымкент, Қызылорда және Түркістан қалаларындағы теміржол вокзалдарын жөндеу жұмыстары аяқталды.

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында Үкімет авиация және теміржол салаларындағы инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.

ҚР Көлік министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы Қызылорда мен Түркістандағы вокзалдарды жөндеу аяқталған. Сондай-ақ былтыр Шымкент пен Павлодар вокзалдары жаңартылды. 2025 жылғы 28 ақпанда Екібастұз вокзалын реконструкциялау аяқталды.

Павлодар вокзалы

– Өткізу мүмкіндігі тәулігіне 3,5 мыңнан 4,5 мың адамға дейін ұлғайтылды.

– Аумағы 4900-ден 5400 шаршы метрге дейін кеңейтілді.

Шымкент вокзалы

– Өткізу мүмкіндігі тәулігіне 2 мыңнан 6 мың адамға дейін үш есе артты.

– Аумағы 1770-ден 2250 шаршы метрге дейін кеңейтілді.

Екібастұз вокзалы

– Өткізу мүмкіндігі тәулігіне 1,5 мыңнан 2,5 мың адамға дейін ұлғайтылды.

– Аумағы 2395-ден 2505 шаршы метрге дейін кеңейтілді.

Вокзалдарды реконструкциялау жолаушылардың жағдайын едәуір жақсартуға және сапардың жайлылығын арттыруға мүмкіндік берді.

Қазір оқып жатыр

Астанада Tesla тізгіндеген 14 жастағы оқушы полициядан қашпақ болды

Жол ережесін бұзу

Құлыбаевпен байланысты компанияның бір бөлігі аукционда 36 млн теңгеге сатылды

Құлыбаев

Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасы өсуі мүмкін

Бензин, дизель

Ер адам мемлекеттен үй алу үшін кезегін 30 жыл күткен

кілт