USD
USD
USD

Елімізде жарты жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеген

1 шілдеде вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына қатысты жағдайдың қорытындылары талқыланып, күзгі және көктемгі тұрақтандыру қорларында көкөніс қорларын қалыптастыру барысы талқыланды.

Азық-түлік
Фото: ғаламтордан

Астана, NEGE. Жартыжылдық қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақты дефляциясы байқалады: маусымда орташа баға индексі 0,3%-ға төмендеді, ал жыл басынан бері жалпы 0,2%-ға төмендеді. Бағаның төмендеу үрдісі жалғасуда. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, соңғы аптада бағалар орташа тағы 0,1%-ға төмендеді, әсіресе, 9 тауар бойынша: сәбіз (1,5%), қарақұмық жармасы (0,8%), ұн (0,7%), сүт (0,5%), тауық еті (0,2%), күріш, сиыр еті, тұз және қант (0,1%). Бағаның төмендеуі 10 облыста байқалады. Айтарлықтай төмендеу Маңғыстау облысында (0,4%) және Павлодар облысында (0,3%) байқалды.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков өңірлердегі ерте пісетін өнімдерге келісімшарт жасау барысын баяндады. Қазіргі уақытта әкімдіктер маусым-шілде айларына ерте пісетін көкөністерге 37 мың тонна көлемінде форвардтық келісімшарттар жасасты. Вице-министр 1 тамызға дейін өңірлер күзгі өнімді форвардтық сатып алу аясында ауыл шаруашылығы өндірушілерін қаржыландыру қажеттігін, фермерлердің жеңілдетілген қаражатты уақытылы алуын қамтамасыз ету керек екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі