USD
USD
USD

Елімізде жаңбыр жиілеп, ауа температурасы төмендейді

Экология вице-министрі Нұркен Шәрбиев Үкімет отырысында астық жинау барысына қатысты бір аптаға арналған ауа райы болжамын таныстырды.

Ауа райы
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Ол синоптиктердің болжамы бойынша қыркүйек айының 23-інен 30-ына дейінгі аралықта еліміздің астық егетін аймақтарында ауа райы егін жинауға жайсыз болатынын айтты.

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде осы кезең бойы жаңбыр жауады. Ақтөбе облысында 26-30 қыркүйек аралығы, Батыс Қазақстан облысында 25-29 қыркүйек аралығы, Қарағанды, Ұлытау облыстарында 27-30 қыркүйек аралығы жауын-шашынды болады.

Павлодар облысында қыркүйектің 23-25-і және 28-30-ы аралығында жаңбыр. Еліміздің шығысында қыркүйектің 23-24-і, 29-30-ы жаңбыр. Жауын-шашын күндері қатты жел болады. 23-30 қыркүйек аралығында күндіз де, түнде де ауа температура біртіндеп төмендеп, түнгі уақытта қырау түсуі мүмкін.

Қазан айында еліміздің басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы қалыпты деңгейде болады. Ал батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстік бөлікте әдеттегіден жылы болады.

«Еліміздің батыс, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыстағы таулы өңірлерінде бір ай бойы жиі жауын-шашын түсуі ықтимал. Айтылған болжамдарды ескере отырып, астық жинауға қолайлы кезеңдерді тиімді пайдалану қажет деп есептейміз»,

— деді Нұркен Шәрбиев.

Қазір оқып жатыр

Атырау тұрғындары қаладағы ауа сапасына шағымданды: экологтар тексеру жүргізді

Атырау

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

.

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

ҚТЖ

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

KEGOC