USD
USD
USD

Елімізде зейнетақы мөлшері артты

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшері арттырылды.

Зейнеткер
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Базалық зейнетақы 6,5%-ға, ал ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға индекстелді.

Бұл өзгерістер 2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес жүзеге асырылып отыр. Ұлттық Банктің инфляцияға қатысты болжамдары ескеріле отырып, ынтымақты зейнетақының мөлшері инфляция деңгейінен 2%-ға артық көрсеткішпен өсірілді.

Негізгі өзгерістер:

  • Базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 65%-дан 70%-ға дейін ұлғайтылып, 32 360 теңгеге жетті.
  • Ең жоғары мөлшері 105%-дан 110%-ға дейін өсіп, 50 851 теңгені құрады.
  • Ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға артты

Мысалы, 2019 жылы зейнетке шыққан 69 жастағы зейнеткердің 2024 жылы алған жалпы зейнетақысы 156 856 теңге болса, 2025 жылдан бастап бұл сома 171 588 теңгеге дейін өседі. Оның ішінде:

  • Базалық зейнетақы – 50 851 теңге
  • Ынтымақты зейнетақы – 120 737 теңге.

Бұл сомаларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін қосымша төлемдер кірмейді.

2025 жылы зейнетке шығу жасы өзгеріссіз қалады:

  • Ерлер үшін – 63 жас,
  • Әйелдер үшін – 61 жас.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.