Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Елімізде валюта бағамы көрсетілген таблоларды ілуге ресми түрде тыйым салынды

2025 жылдың 9 қыркүйегінен бастап Қазақстанда ақша айырбастау орындары көше бойына валюта бағамы көрсетілген таблоларды орната алмайды.

Ақша
Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform

Алматы, NEGE. Бұл талап Ұлттық банктің 2025 жылғы 23 маусымдағы қаулысымен бекітілген ережелерге енгізілген өзгерістер аясында күшіне енді.

Ұлттық банк өкілдерінің мәліметінше, жаңашылдық айырбас орындарының ашықтығын арттыруға және заңсыз қызметтің алдын алуға бағытталған.

Ақпараттық стендті (табло) айырбастау пунктінен тыс жерде, оның ішінде ғимарат пен мекеменің шатырында, сыртқы қабырғасында, стационарлық, жылжымалы және тасымалданатын стендтер орналастыруға жол берілмейді. Жаңа тәртіпке сәйкес, ақпараттық стенд, яғни валюта бағамы көрсетілген табло көшеде ашық кеңістікке қойылмауы тиіс.

Бірақ, валюта айырбастау пункті көпфункцияналды мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарда (оның ішінде іскерлік орталықтар), вокзал, казино аумағында, әуежай ішінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін автомобиль, теңіз және өзен бекеттері аумағында орналасқан жағдайда, таблоға рұқсат етіледі.

Қазір оқып жатыр

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф