USD
USD
USD

Елімізде туристердің қауіпсіздігі үшін «Е-Шағым» жүйесі іске қосылады

Туристер жосықсыз такси жүргізушілері мен қонақүйлерге «Е-Шағым» жүйесі арқылы шағымдана алады. Бұл туралы ҚР туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

ШҚО
Фото: АиФ

Алматы, NEGE. Ол аталған жұмыс туризм саласын цифрландыру аясында жүргізілетінін атап өтті.

«Цифрландыру және TravelStan қосымшасын іске қосу аясында турист қажет болған жағдайда бір тетік арқылы мемлекеттік органның белгілі бір өкілінің, қонақүй reception-нің заңсыз әрекеттеріне, такси жүргізушісінің дөрекілігіне шағымдана алғанын қалаймыз. Бұл жүйе “Е-Шағым” – шағымдарды жинақтау жүйесі деп аталады. Біз оны енгізуді жоспарлап отырмыз»,

— деп түсіндірді Ержан Еркінбаев.

Travelstan сервисі нарықтың барлық қатысушыларын біріктіруге және туристерге сапалы әрі сенімді қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Қазір оқып жатыр

«Креслосыз» қалған Әшімбаев: саясаткердің ықпалы әлсіреді ме?

Мәулен Әшімбаев

«Таныс болыңыздар – Барбарис»: Бағдат Мусин Арсен Томскийге ерекше сый жасады

Арсен Томский

Қазақстанда биыл рекордты 825 мың тонна авиациялық отын өндірілмек

авиаотын өндірісі

Көмір өндірісін жаңғырту: Qarmet шахталарында қандай өзгерістер бар?

Көмір департаменті, Qarmet