USD
USD
USD

Елімізде рөлі оң жақта орналасқан көліктерді бөлшектеп әкелуге тыйым салынды

Қазақстанда рөлі оң жақтағы көліктерді бөлшектелген түрде әкелуге уақытша тыйым салынды. Тиісті бұйрық "Қазақстанның нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі стандартты бақылау банкі" порталында жарияланды.

Рулі сол жақта
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Индустрия және құрылыс министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы бұйрығы бойынша, Қазақстанға 6 ай мерзімге рөлі оң жақтағы көліктерді әкелуге тыйым салынған.

Ведомство мәліметінше, бұйрық "Сауда қызметін реттеу туралы" заңның 17 және 18-баптарына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-баптарына сәйкес қабылданған.

"Қазақстан Республикасы аумағына рөлі оң жақтағы бөлшектелген жеңіл автокөліктерді алты ай мерзімге әкелуге тыйым салынсын", - делінген құжатта.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, яғни 2024 жылғы 16 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазір оқып жатыр

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.