USD
USD
USD

Елімізде отын-энергетика кешенін бірыңғай мемлекеттік басқару жүйесі құрылады

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында еліміздің отын-энергетика кешенін (ОЭК) цифрландыру барысы туралы баяндады.

Энергия
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ол қазіргі уақытта «Отын-энергетика кешенін бірыңғай мемлекеттік басқару жүйесі» (EnergyTech) атты салалық платформасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүруде екенін атап өтті.

«EnergyTech платформасы отын-энергетика кешенінің барлық саласын бір платформа базасына біріктіреді. Ол энергетика секторы, кен пайдалану және қайта өңдеуден бастап көмір өнеркәсібіне дейінгі ОЭК-тің 10 негізгі бағыты бойынша басқару процестерін кешенді үйлестіруді қамтамасыз етеді. Жүйені толық көлемде жасап шығарып, өнеркәсіптік деңгейде қолданысқа енгізу 2026–2027 жылдарға жоспарлануда»,

— деп нақтылады Ерлан Ақкенженов.

Министр биыл 7 цифрлық сервис пайдалануға берілгенін, оның ішінде 2 сервис энергетика секторында жүзеге асырылғанын айтты. Олар:

Күзгі-қысқы кезеңге дайындық пен оның өту барысын мониторингтеуге арналған цифрлық сервис;

Шекті тарифті бекітуге арналған цифрлық сервис.

Қазір оқып жатыр

Негізгі ҰБТ басталғалы төрт аптада төрт жүздей ереже бұзушылық анықталған

ҰБТ

Выручка аз, таза табыс көп. Құлыбаевтың мұнай бизнесі НЕГЕ аномалияға ұшырады?

Каспий нефть

Назарбаев Amanat партиясына мүше емес – Айдос Үкібай

Назарбаев

Германияда Facebook қолданушылары канцлер Мерцті қорлағаны үшін айыппұл арқалады

Мерц