USD
USD
USD

Елімізде «Отау» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

Отбасы банк «Отау» жаңа тұрғын үй бағдарламасы басталатынын хабарлады.

Отбасы банк
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Отау» бағдарламасы 2024 жылдың 1 наурызында іске қосылады. Сол күннен бастап 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) қазақстандықтар Баспана маркет (otbasybank.kz) порталында бағдарламаға қатысу туралы өтініш жолдай алады. Өтініш беру уақыты маңызды емес.
Бағдарлама бойынша бастапқы жарна 20%-дан басталады. Несие бойынша мөлшерлеме-жылдық 9% (ЖЭС 9,2% бастап). Несие мерзімі – 19 жылға дейін.

«Отау» бағдарламасына 18-ден 63 жасқа дейінгі (қоса алғанда) қазақстандықтар, оның ішінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қатыса алады. Алайда жасы 35-тен аспайтын еліміздің жастарына басымдық берілетін болады.

Бағдарламаға тек Отбасы банк салымшылары ғана қатыса алады. Үміткердің жинақ шоты ең кемі 18 айлық болуы керек. Өтінім беру сәтінде депозиттегі жинақ сомасы 1 млн теңгеден кем болмауы тиіс.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж