USD
USD
USD

Елімізде орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құрылады

Мәжіліс депутаттары Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен «Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын жұмысқа алды.

Орыс тілі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Құжатты Мәжңлңс депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспанова таныстырды. 

«Бұл келісім 2023 жылы 13 қазанда Бішкекте жасалған. Құжат орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құруды көздейді. Ол халықаралық құқық субъектісі бар үкіметаралық ұйымға айналады. Орыс тілі ағылшын, араб, испан, қытай және француз тілдерімен қатар БҰҰ-ның ресми тілі мәртебесіне ие. Шарт тараптар арасындағы достықты, татулық пен ынтымақтастықты, оның ішінде орыс тілін мемлекетаралық қатынас тілі және қарым-қатынас құралы ретінде сақтау және ілгерілету арқылы дамытуға және нығайтуға бағытталған», – деді депутат.

Парламент орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру шартын ратификациялағаннан кейін оған президент қол қоюы қажет. Осыдан кейін алты елдің министрі жиналып, ұйымның құрылымына қатысты шешім қабылдайды.

Қазір оқып жатыр

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам өнерпазы мен креаторы бас қосты

.

Саят Исанов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Арнайы күштер

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған