USD
USD
USD

Елімізде Наурыз мейрамын тойлау басталды

Елімізде Наурыз мейрамын тойлау онкүндігі басталды. Ол 14-23 наурыз аралығында өтеді.

Наурыз мейрамы
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Онкүндіктің әр күні еліміздің мәдени байлығы мен ерекшелігін көрсететін белгілі бір тақырып пен құндылықтарға арналады. «Наурызнама» халықтың тұрмыс-тіршілігі көрінетін барлық салалны қамтиды. Мәселен, қайырымдылық пен мәдени іс-шаралардан бастап, ұлттық дәстүрлер мен экологиялық акцияларға дейін ұйымдастырылмақ.

«Наурызнама» тұжырымдамасы аясында Қазақстанда Наурыз мейрамын тойлау онкүндігінің алғашқы күні «Көрісу күні – Амал мерекесінен» бастау алады.

Көрісу – жылылық пен жанашырлыққа толы мереке.

Ежелден 14 наурыз қазақ халқы үшін жылдың басы саналды. Дәстүр бойынша, көктемгі күн мен түннің теңелуінен тура бір апта бұрын біздің ата-бабаларымыз малын түгендеп, ұзақ қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қауышып, наурызға дайындалған. Жалпы, 10 күн ішінде бүкіл ел бойынша көрмелер, фестивальдар, әдеби-музыкалық кештер мен кино көрсетілімдері, қайырымдылық акциялары, мәдени-спорттық іс-шараларды қосқанда, түрлі форматта 10 мыңнан астам іс-шара жоспарланып отыр.

Мерекенің жаңа форматына байланысты Наурыз мейрамына арналған демалыс күндері 14-23 наурызға ауыспайды. «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңға сәйкес ресми түрде Наурыз 21-23 наурызда атап өтіледі және сол күндері ғана күнтізбеде демалыс күндері деп белгіленген.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық