USD
USD
USD

Елімізде микрокредит беру қағидалары бекітілді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микрокредит беру қағидаларын бекітті. 

банк
Фото: polisia.kz

Алматы, NEGE. «Микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі туралы ақпаратты қамтитын жарнаманы тарату немесе орналастыру кезінде, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі цифрлық түрде көрсетіледі. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін жарнамада өзге ақпаратты көрсету кезінде пайдаланылатын қаріптен кіші қаріппен көрсетуге жол берілмейді», – делінген құжатта.

Микроқаржы ұйымдары клиенттермен жұмыс істеу тәртібі жөніндегі ереже келесі тармақтарды қамтиды:

– клиенттердің құқығы мен мүддесін сақтау саясаты мен рәсімі;
– микрокредит беруге өтінішті қарау рәсімі мен мерзімі (өтініш беру қажет болған жағдайда);
– микрокредит беру кезінде клиентпен өзара іс-қимыл рәсімі;
– мүгедектігі бар және қозғалысы шектеулі жандарға қызмет көрсету тәртібі, қаржы ұйымдарына қойылатын ұлттық стандарт талаптарын ескере отырып (2026 жылғы 2 шілдеден бастап);
– мүгедектігі бар және қозғалысы шектеулі жандарға сенімді тұлғаның қатысуымен қызмет көрсету ерекшеліктері (2026 жылғы 2 шілдеден бастап).

«Микроқаржы ұйымына, микроқаржы омбудсмен немесе сотқа көрсетілетін микроқаржылық қызмет бойынша дау туындаған кезде клиентке оның жүгіну құқығы туралы хабарлайды. Осы мақсатта клиентке микроқаржы ұйымының, микроқаржы омбудсменнің орналасқан жері, электрондық поштасы және интернет-ресурсы (бар болса) туралы ақпарат берілуі тиіс», – деп түсіндірілген бұйрықта.

Бұйрық 2026 жылғы 2 шілдеде күшіне енеді.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс