USD
USD
USD

Елімізде мемлекеттік сатып алу мерзімі қысқартылды

Үкімет отырысында қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мемлекеттік сатып алу мерзімдерін қысқарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Бизнес
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Бұған дейін конкурс өткізуге және сатып алу жеңімпазын анықтауға шамамен 2 ай уақыт кететін.

Премьер-министр Олжас Бектенов бұл бағыттағы оң серпінді атап өтті:

«Жыл басынан бері біз конкурстардың мерзімдерін едәуір қысқарттық. Маған баяндалғандай, қазіргі таңда конкурстар бір аптаның ішінде өтіп жатыр. Бұл расында да солай ма?»

Вице-министр жаңа заңнама аясында мерзімдер 10 күннен 5 күнге дейін қысқартылғанын баяндады.

«Жаңа заңға сәйкес және Сіздің тапсырмаңыз бойынша біз қағидаларда мерзімдерді қысқарттық. Рейтингтік баллдық жүйе бойынша мердігер бес күнде таңдалынып алынады. Ал конкурс бойынша мердігер он күнде анықталады. Біз мерзімдерді қысқартумен қоса, процестерді оңтайландырдық және автоматтандыру процестерін қосып жатырмыз», — деді ол.

Премьер-министр мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ