USD
USD
USD

Елімізде мал басы артты

Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда еліміздің ауыл шаруашылығында мал басы мен құс саны артты.

мал шаруашылығы
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Ірі қара мал (ІҚМ) – 8,2 млн бас (120,6%), оның ішінде сиыр – 4,4 млн бас (123,3%), жылқы – 4,1 млн бас (104,9%), түйе – 2,8 млн бас (104,7%).

Сүт өндірісі 3 млн тоннаға (104,2%) жетті, оның 1,1 млн тоннасы (107,5%) ауыл шаруашылығы құрылымдарында өндірілді.

Тауық жұмыртқасын өндіру 3,7 млрд данаға дейін (100,9%) жетті, оның ішінде ауыл шаруашылығы құрылымдарында 3,1 млрд данаға дейін (101,5%) ұлғайды.

Республика бойынша 2024-2025 жылдардағы қыстау кезеңінде 35,2 млн тонна шөп (жоспардың 143,9%-ы), 2 млн тонна пішен (жоспардың 117,9%-ы), 5,1 млн тонна сабан (жоспардың 111,9%-ы), 2,3 млн тонна сүрлем (жоспардың 117,9%-ы), сондай-ақ 5,8 млн тонна жем (жоспардың 104,4%-ы) дайындалды.

Дайындалған мал азығының көрсетілген көлемі өнім мен төл алудың жоспарлы көлемін, толыққанды азықтандыруды, сондай-ақ жалпы мал басының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

Марқұм сарбаздар мемлекеттік наградаға ұсынылады

Көңіл айту

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер