USD
USD
USD

Елімізде мәдениет саласындағы 46 бизнес-үдеріске реинжиниринг жүргізілді

Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәдениет және өнер саласын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

реинжиниринг
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ол цифрлық трансформация жасанды интеллект пен үлкен деректерді өңдеуді қосқанда, деректерді талдаудың заманауи технологияларын енгізу арқылы шығармашылық жобалардың табысын болжауға бағытталғанын атап өтті.

Қазіргі уақытта Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік қызметтің 21 түрін көрсетіп отыр. Оның 12-сі толық, 8-і ішінара автоматтандырылған. 2024 жылы шамамен 530 мың мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 67%-ы электрондық форматта ұсынылды.

«Біз Мәдениет министрлігінің 46 бизнес-үдерісіне реинжиниринг жүргіздік. Олардың 3-еуі кино жобаларын өндіруге, ал 3-еуі оларды таратуға қатысты», – деп толықтырды Жаслан Мәдиев.

Қазір оқып жатыр

«Центр плова Loft» ісі: 12 адамның өліміне кінәлі үш адамға шығарылған үкім өзгеріссіз қалды

Щучинск

Келер жылдан бастап шетелге жұмыс істеуге шығатын қазақстандықтар есепке алынбақ

Жолаушы

Қазақстанда 70 мың медицина қызметкерінің жалақысына қосымша ақы қосылады

Дәрігер мен науқас

Ресейдегі дрон шабуылынан кейін Атырау – Самара құбыры арқылы мұнай тасымалы қайта жанданды

Мұнай құбыры