USD
USD
USD

Қазақстанда креативті индустрияны дамыту қоры құрылады

ҚР мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында елімізде жетекші шығармашылық және білім беру ұйымдарының қатысуымен креативті индустрияны дамыту қорын құру жоспарланып отырғанын хабарлады.

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Министр Мемлекет басшысы 2021 жылғы Жолдауында креативті индустрияны қолдаудың арнайы институтын құруды тапсырғанын атап өтті. Осылайша, заңнамаға сәйкес, креативті индустрияны дамытуға жәрдемдесетін заңды тұлға – Креативті индустрияларды дамыту қоры болады. Қор Қазақстанның жетекші шығармашылық және білім беру ұйымдарының қатысуымен қорпоративтік қор ретінде құрылады және негізгі 4 бағыт бойынша қызметті жүзеге асырады:

Таланттарды анықтау (конкурстар, креатондар, мобильді продюсерлік орталықтар ұйымдастыру, өңірлерде таланттарды іздеу).

Жобаларды дамыту (стартаптарды акселерациялау және инкубациялау, коммерцияландыру, инвестиция тарту).

Инфрақұрылымды дамыту (хабтар желісін кеңейту, тұрақты арт-алаңдар құру, мемлекеттік мүлікке қол жеткізуді қамтамасыз ету).

Экспортқа қолдау көрсету (шетелдік аудиторияға шығу, маркетинг және PR, авторлық құқықты қорғау).

«Еліміздегі Креативті индустрияларды дамыту қорының бюджеті ұлттық лотерея операторы қызметінен бөлінетін 3% аударым есебінен қалыптастырылады. Қор қызметінің маңызды бағыттарының бірі – креативті индустриядағы венчурлық инвестицияларды дамыту. Осыған байланысты АХҚО базасында басқарушы компаниялардың пулын тарта отырып, жедел және қайтарымды негізде ақшалай қаражатты тиімді орналастыруға мүмкіндік беретін венчурлық бөлімше құрылатын болады», – деп толықтырды Аида Балаева.

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов