USD
USD
USD

Елімізде қоғамдық орындарда діни киім киюге тыйым салынуы мүмкін

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи айтты.

Хиджаб
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бапидың айтуынша, қоғамда діни киім киюге тыйым салу мәселесі туындап отыр.

«Қазір біз үшін ең маңызды мәселе - еліміздің ұлттық мүддесін, ұлттық дәстүрін, ұлттық мәдениетін сақтау. Ал қазіргі жағдайға қарасақ, қоғамда қара киінген қазақтар көбейді. Бұл жағдай болашақ ұлттық мүддемізге елеулі зиян тигізеді», – деді мәжілісмен.

Депутаттың айтуынша, тиісті заң жобасы алдағы сессияда Парламентке енгізіледі.

«Сондықтан біз, депутаттар тобы, осындай заң жобасын дайындадық. Ол күзгі сессияда Парламентке ұсынылады. Менің ойымша, хиджаб, никаб және қоғамда басқа да діни киімдер кию туралы мәселе заңды қабылдағаннан кейін шешіледі. Сонда бәлкім, діни киім кию мәселесін қалай да реттейтін шығармыз», – деп түйіндеді ол.

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов