USD
USD
USD

Елімізде Қазақстаннан шыққан тауарлардың тізілімі жасалады

Мәжіліс тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

Тауар
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Заң жобасы қазақстандық тауар өндірушілерді және олар өндіретін тауарларды сәйкестендірудің оңтайлы жүйесін құруға бағытталған, бұл кейін мемлекеттік қолдау көрсетудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Негізгі өзгерістің бірі – қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін құруды реттеу. Бұл жаңа мемлекеттік ақпараттық жүйеде қазақстандық өндірушілер мен олар өндіретін тауарлар туралы ақпарат болады.

Тізілім қолданыстағы «CT-KZ» нысанындағы сертификаттар мен индустриялық сертификатты ауыстыруға арналған. Өндірушілер тізілімге енгізуге өтінімдерді жеке кабинеті арқылы бере алады. Салалық мемлекеттік органдар мен бірлестіктерді тарта отырып, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің көшпелі комиссиясы өндірісті цифрлық тексеруден және бағалаудан кейін өндірушіні тізілімге енгізу немесе енгізбеу туралы шешім қабылдайды. Осылайша «жалған өндірушілердің» немесе қазақстандық емес өндірушілердің мемлекеттік қолдау шараларын алуына тосқауыл қою жоспарланып отыр. Яғни, өндірушілер «Қазақстанда жасалған» брендімен сатуға дайын өнімді импорттамай, нақты тауар өндіретінін дәлелдеуі керек.

Тізілімге енгізілген кәсіпорындар реттелетін сатып алуға қатысу мүмкіндігіне ие болады. «CT-KZ» нысанындағы сертификаттар мен индустриялық сертификаттар 2026 жылғы 1 қаңтарына дейін қолданыста қалады. Сондай-ақ заң жобасында алғаш рет Қазақстаннан шыққан тауарлар мен қазақстандық өндірушілердің заңды анықтамалары қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

.

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

.

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

науқас

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Құрбанәлі Ахмет