7 Наурыз 11:18

Елімізде 24 «Қазақстан» бар

Қазақстан
Фото: ғаламтордан

2024 жылдың 29 ақпанындағы мәлімет бойынша елімізде Қазақстан есімді 24 адам тіркелген, деп хабарлайды Ranking.kz.

Алматы, NEGE. Қазақстан есімі Ақмола облысында көп қойылған. Аталмыш облыста Қазақстан есімді 7 азаматтың тұратыны белгілі болды.

Астанада мұндай есімді тағы 5 адам, Қарағанды ​​облысында 4 адам бар. Сонымен қатар, Қазақстан есімді 3 адам Қостанай облысында, 2 адам Маңғыстау облысында, 2 адам Шымкент қаласында, 1 адам Батыс Қазақстан облысында тұрады.

Кейбір қазақстандықтар баласына елдің атын емес, белгілі бір қалалардың атын қойғанды жөн көрген. Мәселен, қазақстандықтардың ішінде 24 Астана, 20 Алматы және 3 Шымкент бар. Сонымен қатар Қазақстан Республикасында Семей атын иеленген 27, Атырау атын иеленген 15, Түркістан атын иеленген 15, Тараз атын иеленген 14, Ақтау атын иеленген 10, Ақтөбе атын иеленген 1, Талдықорған атын иеленген 1 адам тұрып жатыр. 

Қазақстандық ата-аналар балаларына саяси тұлғалардың атын қоюды дәстүрге айналдырған. Мысалы, Қазақстан Республикасында 12 Қасым-Жомарт, 1 Путин, 1 Трамп және 8 Байден тұрады. 

Биылғы жылдың қаңтар айында Қазақстанда ең танымал есімдер Медина мен Әлихан болды. Елімізде 517 қызға Медина, 313 ұл балаға Әлихан есімі қойылған.

Қыздардың есімдері бойынша үздік бестікке Асылым (468 адам), Айша (436 адам), Айлин (387 адам) және Томирис (318 адам) кірді.

Ұл балалар есімдерінің ішінде ең танымал бестікке Мұхаммед (305 адам), Айсұлтан (238 адам), Мұхаммед (231 адам) және Алдияр (219 адам) кірді.