USD
USD
USD

Елімізде қара металды шетелге заңсыз шығару схемалары анықталды

Қазақстанның екі облысында қара металды шетелге заңсыз экспорттау әрекеттері әшкереленді.

Ішкі істер министрлігі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ішкі істер министрлігі қара металл сынықтарын шетелге заңсыз шығарудың жолдарын анықтап, олардың алдын алу бойынша жедел шаралар қабылдады.

«Елімізде қара металды экспорттауға тыйым салынғанына қарамастан, кейбір өңірлерде оны теміржол және теңіз арқылы дайын өнім немесе шикізат түрінде шетелге жөнелту әрекеттері анықталды», – деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Солтүстік Қазақстан облысында жеке серіктестіктің басшысы қара металды «жоғары легирленген болат» деген атаумен теміржол арқылы шекара асыруды ұйымдастырған. Тыйым салынған кезеңде компания 1,5 мың тоннадан астам металды заңсыз экспорттап, 170 миллион теңгеден аса пайда тапқан. Тінту барысында металлобаза аумағынан 1 мың тонна қара металл мен шетелге жөнелтуге дайындалған жеті вагон табылды.

Маңғыстау облысында да осындай заңсыз схема анықталды. Мұнда бір компания Каспий маңы елдеріне теңіз арқылы қара металл тасымалдаумен айналысқан. 2024 жылы бұл фирма 400 тоннадан астам металды шетелге шығарған. Оперативті шаралар барысында 420 тоннадан астам қара металл және шетелге жөнелтуге дайын екі контейнер тәркіленді. 

Қазір оқып жатыр

Атырау полициясының бастығы қамауға алынды

Бақтыбек Бақтығалиұлы Исаев

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

 AZAL апаты

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Бала

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Burj Al Arab