USD
USD
USD

Елімізде келесі жылдан бастап ер балаларға адам папиллома вирусына қарсы вакцина егіледі

2025 жылғы 26 маусымда ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Сенат отырысында Қазақстанда бір жылдан кейін ер балаларды адам папиллома вирусына (HPV) қарсы егу процесі басталатынын айтты.

Адам папилломасы вирусы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Өткен жылы қыздарға HPV-ға қарсы вакцина егу басталған.

«Адам папиллома вирусы – бұл өте қорқынышты диагноз, ол болашақта жатыр мойны обыры немесе басқа да онкологиялық ауруларды тудыруы мүмкін. Кейбір ұлдарда бұл мәселе қазірдің өзінде қарастырылуда. Бүгінде біз оны үкіметтің ішінде – Үкімет қаулысын кеңейту тұрғысынан өзгерту мүмкіндігін пысықтап жатырмыз. Яғни, қыздар арасында вакцинацияны кеңейту ғана емес... Жасты ұлғайтамыз. Ал екіншіден – ұл балаларды вакцинациялау туралы. Бұл жұмысты шамамен бір жылдан кейін бастау жоспарлануда», – деді спикер.

Қазір оқып жатыр

«Өте жоғары жылдамдықпен жүрген»: Алматыда 54 жастағы электросамокатшы қаза тапты

Элетросамокат

Қазақстанда биыл мұнай экспорты 6,7%-ға төмендеген

Мұнай

Авиаотын бағасын негізсіз көтерген: Тараз әуежайына айыппұл салынды

әуежай

«Оңбаған болмаңдар»: Елші Дәурен Абаев жастарға қандай кеңес берді?

Дәурен Абаев