USD
USD
USD

Елімізде екінші нарықтағы пәтер құны өсті

Статистикаға сәйкес, 2024 жылдың наурызымен салыстырғанда пәтерлерді қайта сату бағасының индексі 106,7%-ды көрсетті. 

Қымбат
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE.  Статистикаға сәйкес, 2024 жылдың наурызымен салыстырғанда пәтерлерді қайта сату бағасының индексі 106,7%-ды, 2025 жылдың ақпанымен салыстырғанда 101,4%-ды құрады, бұл "екінші нарықтағы" тұрғын үй бағасының жаңа пәтерлермен салыстырғанда жылдам қымбаттап жатқанын көрсетеді.

Қазақстандағы ең жоғары жылдық баға өсуі, ҚР АӘК БНС мәліметтері бойынша, Семейде – 109,2%, Павлодарда – 112,9% және Ақтөбеде 112,7%-ға жетті. Сондай-ақ, Атырауда да айтарлықтай өсіп 115,8%-ға жетті. Осылайша бұл қала ел бойынша көш басында.

Елордада қайталама тұрғын үй 8,4%-ға қымбаттап, индекс 108,4%-ға жетті. Алматыда өсім орташа – 107,2%. Бұл ретте, оңтүстік шаһардағы тұрақты ұсыныстың болуымен тоқсандағы индекс 103,8%-ды көрсетті.

Кейбір қалаларда бағаның төмендеуі байқалады: Қарағанды (99,0%), Шымкент (99,2%) және әсіресе Өскеменде, мұнда индекс 95,6%-ға дейін төмендеді – бұл өткен жылғы наурыз деңгейінен 4,4%-ға төмен.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық