USD
USD
USD

Елімізде бір жылда 20 жаңа мешіт ашылған

2025 жылы Қазақстанда 20 мешіт пайдалануға берілді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 54 пайызға жоғары. Мұндай жоғары көрсеткіш соңғы рет он бір жыл бұрын тіркелген болатын, ол кезде 24 мешіт салынған.

gov.kz
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенген Бірінші кредиттік бюро хабарлады.

2021–2025 жылдар аралығында ел бойынша жылына орта есеппен 17,4 мешіт пайдалануға берілген. Ал бұған дейінгі бес жылдықта бұл көрсеткіш 8,8 нысанға тең болған.

2025 жылы пайдалануға берілген мешіттер саны мен құрылысқа жұмсалған қаражат көлемі бойынша Қызылорда облысы көш бастады. Аймақта жалпы құны 9,7 млрд теңгеге 11 мешіт салынған. Өңір бұл көрсеткіш бойынша екінші жыл қатарынан көш басында келеді. Ал 2021 жылға дейін мұнда мешіт салынбаған.

Қызылорда облысынан бөлек, 2025 жылы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл және Ақмола облыстарында да жаңа мешіттер ашылды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, бірнеше үйдің шатыры бүлінді

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.