USD
USD
USD

Елімізде 97,8 тонна алтын қоры бар

Мемлекет басшысының жер қойнауын тиімді әрі ұтымды пайдалану жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Қазақстанда минералды шикізат базасын кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

биржа
Фото: dprom.kz

Алматы, NEGE. Жыл басынан бері қатты пайдалы қазбалардың жаңа бес кен орны мемлекеттік есепке қойылды, бұл ел ресурстарының айтарлықтай өсуін қамтамасыз етті.

Жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының арқасында алтын қоры 97,8 тоннаға, күміс қоры 11,9 тоннаға, ал мыс қоры 36,4 мың тоннаға артты. Бұл жұмыс саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру нәтижесінде мүмкін болды. 2025 жылы жаңа 41 нысанға геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 7,6 млрд теңге бөлінді.

Геологиялық барлаудың ашықтығын арттырудағы серпінді қадам жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасын іске қосу болды. Жаңа ақпараттық жүйе барлау және өндіру құқығын алу процесін автоматтандырады және оның алаңында әлеуетті инвесторлар үшін қолжетімді 66 мыңнан астам геологиялық есеп орналастырылған.

Қазір оқып жатыр

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі