USD
USD
USD

Елімізде 31 желтоқсан демалыс күні деп жариялана ма?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 31 желтоқсанды ресми демалыс күні ету мәселесіне байланысты пікір білдірді. 

жаңа жыл
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. «Біз бұл мәселені бірнеше рет қарастырдық. Халықаралық тәжірибені зерделедік, яғни өзге де елдерде 31 желтоқсан жұмыс күні ретінде белгіленген. Басқа да мемлекеттерде 1 және 2 қаңтар мереке күндері саналады», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті басқармасының басшысы Шалқар Оразбеков.

Оның айтуынша, қазір Қазақстанда 31 желтоқсанды демалыс күні деп жариялау мәселесі қарастырылып жатқан жоқ.

Сонымен қатар ол жекелеген кәсіпорындар өздерінің ішкі тәртіп ережелері аясында жұмыс күнін қысқартуға немесе 31 желтоқсанды демалыс күні деп жариялауға құқылы екенін түсіндірді.

Қазір оқып жатыр

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.

Үкімет жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін шекарадағы бақылауды күшейтеді

.

Ақтөбеде өртенген көліктен үш адамның денесі табылды

.