Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Елімізде 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындар сатылмауы мүмкін

Сенат кулуарында денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Қазақстанда 21 жасқа толмаған тұлғаларға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салу жоспарын растады.

Энергетикалық сусын
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алғаш рет мұндай ұсынысты былтыр Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған Ажар Ғиният айтқан болатын. Ол 21 жасқа дейінгілерге энергетикалық сусындарға тыйым салуды жастардың денсаулығына зиян деп түсіндірді.

Бүгін денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мұндай тыйымды енгізу жоспарынан бас тартпағанын растады.

«Энергетикалық сусындар әсіресе өскелең ұрпақ үшін зиянды, осыған байланысты 21 жасқа толмаған тұлғаларға шектеу (сатылым – авт. еск.) енгізіледі.

Бұдан бөлек, біз вендинг аппараттарында сатуға және жарнамаға тыйым салу нормасын қолдап жатырмыз», - деді спикер.

Сұлтанғазиев алдағы уақытта Қазақстанда энергетикалық сусындарға, сондай-ақ құрамында қант бар өнімдерге салықты көтеруді де жоспарланғанын айтты.

Қазір оқып жатыр

Абай облысы аумағындағы орманды өрттен қорғауға 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Семей орманы

Футболдан ұлттық құраманы Грекия мен Арменияның бұрынғы бас бапкері басқаруы мүмкін

Джон ван ’т Шкип

Абай облысында бұрынғы жұбайын таяқпен ұрып өлтірген ер адамға үкім шықты

блогер соты

Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы жаңа некесіне қатысты пікір білдірді

Әділет Зейнел