USD
USD
USD

Элизабет Тұрсынбаева мен Жансая Әбдімәлік депутаттыққа үміткер атанды

AMANAT партиясының Алматы филиалы партиялық тізім мен бір мандатты сайлау округтері бойынша мәслихатқа кандидаттарды ұсынды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Элизабет Тұрсынбаева мен Жансая Әбдімәлік депутаттыққа үміткер атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімі 63 адамнан, ал мәслихатқа бір мандатты округтар бойынша 21 адамнан тұрады.

Оның құрамына әлеуметтік және кәсіби салалардың барлық өкілдері енді.

Сонымен қатар, партиялық тізімде қаланың дамуына ғана емес, сондай-ақ ел намысын әлемдік аренада қорғап жүрген мегаполистің танымал тұлғалары да бар.

Атап айтар болсақ, 23 жастағы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері - тізімдегі ең жас үміткер ретінде Элизабет Тұрсынбаева, Қазақстандағы әйелдер арасындағы бірінші әлем чемпионы, әйелдер халықаралық гроссмейстері және ерлер халықаралық шебері Жансая Әбдімәлік бар.

Үміткерлердің қатарына кәсіпкерлер, қаланы дамытуға бағытталған түрлі жобалардың қатысушылары Бекнұр Несіпбаев, Досбол Жылқыбаев, актриса Ольга Спирина, блогер, көркем фильмдер мен бағдарламалар продюсері Алмас Сағынұлы, журналист Махаббат Исенова мен мүгедектер құқығын қорғаушылар Ұлан Іңкәрбеков, Богдан Джепка енді.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған