USD
USD
USD

Элиталы мектептер неге жабылып жатыр?

Елімізде жыл өткен сайын ақылы қызмет түрлері көбейіп келеді. Сәйкесінше, сұраныс та жоқ емес. Баланы ақылы перзентханада босанып, ақылы балабақшаға, тіпті мемлекеттің тегін білімін місе тұтпай, ақылы мектепте оқытатындар бар.

Элиталы мектептер неге жабылып жатыр?
Фото: NEGE.kz

Қазақстандағы ақылы мектептер тізіміне көз тастағанда айлық оқу құнына 700 мың теңгеге жететін білім ошақтары барын байқадық. Тіпті Қазақстандағы ең алдыңғы қатарлы ЖОО саналатын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жылдық төлемақысын айлық есепке шаққанда 100-150 мың теңгеге шығады екен. Басқа-басқа, еліміз ақылы оқып, білім алуға дендеп келеді. Ақылы білімнің пайдасы барын зерттеушілер талайдан айтып жүр. Десе де Оңтүстік Корея билігі 2025 жылға қарай ел аумағындағы барлық жекеменшік және «элиталық» мектептерді тарататынын мәлімдеді. Бұл жайында таңғы шық елінің бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр. Кәрістердің мұндай шешімге келгеніне таң болып жатқандар көп. Ел билігі білім беру ошақтарындағы бұл жүйе  қоғамның тапқа, жікке бөлінуіне, әлеуметтік теңсіздікке алып келіп жатқанын мәлімдеді.

Білім жүйесін қайта реформалауды көздеген Оңтүстік Корея билігінің өз ойлағаны бар екен. 2025 жылдан бастап жалпы білім беретін мектептердің деңгейін «элиталы» мектеп деңгейіне жеткізуді көздеп отыр. Осылайша білім де жоғары, ауызбіршілік те мығым болмақ. Мұндай реформа бір ғана кореялықтарға ғана емес, кез келген мемлекеттің білім жүйесіне керек-ақ...

Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

.

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

.

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жедел жәрдем

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

.