USD
USD
USD

Елімізге Украинадан 20 мыңнан астам үндістандық студент келді

Бұған дейін Қазақстан Украинадағы үндістандық студенттерді қабылдауға дайын екенін мәлімдеген еді. Бұл мәселе қаншалықты шешілгеніне қатысты NEGE-нің тілшісіне Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жауап берді.

Елімізге Украинадан 20 мыңнан астам үндістандық студент келді
Фото: NEGE.kz

– Украинадан келген 20 мыңнан астам үндістандық студент біздегі медициналық университеттерде оқып жатыр. Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан сияқты Орта Азия мемлекеттерінен де студенттер қабылдауға дайын болғанбыз. Өкінішке қарай, қазір біздің медициналық университеттердің олардың бәрін қабылдауға мүмкіндігі жоқ. Асфендияров сияқты басқа да университеттердің инфрақұрылымы шектеулі. Бұл – бір. Екіншіден, медициналық университеттер біздің емес, Денсаулық сақтау министрлігінің құзіретінде, – деп жауап берді Саясат Нұрбек.

Қазір оқып жатыр

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy

Каспийдегі сарбаздардың қазасы: әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды

Қанат Ниязбеков