USD
USD
USD

Елімізге шетелден 34 жолаушы ПТР анықтамасыз ұшып келді

2 сәуірде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды.

Елімізге шетелден 34 жолаушы ПТР анықтамасыз ұшып келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE 2021 жылдың 2 сәуірінде Қазақстан Республикасының аумағына Мальдив Республикасы, Шри-Ланка, ҚХР, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 25 халықаралық әуе рейсі келді. 3497 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 463 адам, анықтамасыз 34 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 14 рейс, 2 109 жолаушы, анықтамамен - 2 103, анықтамасыз - 6;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 043 жолаушы, анықтамамен - 1 015, анықтамасыз - 28;

- Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 295 жолаушы анықтамамен келген;

- Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 147 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерінде COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантин стационарында өз нәтижесін күтіп отыр.

1 сәуірде анықтамасыз келген 10 ҚР азаматының ПТР-талдауы теріс нәтиже көрсетті.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер