USD
USD
USD

Еліміздің жеті өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің кей өңірінде ауа райы құбылмалы болады. 

Еліміздің жеті өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түнде және таңертен Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік- шығыстан жел соғады, Алакөл аумағында екпіні 17-22 м/с дейін барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Осы күні Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Сол сияқты, түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында тұман күтіледі.

Қазақстан облысының солтүстігінде де тұман түсуі мүмкін. «29 қазанда Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с дейін барады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы ықтимал», - деп жазды ведомстводан.

Ал 30 қазанда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 30 қазанда екпіні 23 м/с күтіледі.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов