USD
USD
USD

Еліміздің «Үздік жаттықтырушысы» анықталды

 Ұлттық спорттық жүлде – 2021 жеңімпаздарын салтанатты түрле марапаттау рәсімі өтті.

Еліміздің «Үздік жаттықтырушысы» анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кеш барысында жазғы және қысқы спорт түрлеріндегі үздік жаттықтырушылардың есімі белгілі болды деп хабарлайды Olympic.kz. «Жазғы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы» аталымында Токио-2020 Олимпиадасының қола жүлдегері әрі 2021 жылғы бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосыновтың жеке бапкері Мырзағали Айтжанов жеңіске жетті.

Ал «Қысқы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы» атағын шорт-тректен Қазақстан командасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков иеленді.  Қарсыбеков жаттықтыратын спортшылар Азия чемпионаты мен Азия ойындары және әлем кубогі кезеңдерінде сан мәрте жүлдегер атанған.  Айта кетейік, үздіктерді анықтау жылдағы дәстүр бойынша отандық жанкүйерлердің екі апта бойы awards.olympic.kz сайтында дауыс беруі арқылы өтті. 

Қазір оқып жатыр

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар