USD
USD
USD

Еліміздің үздік кардиохирургтары Шымкентте тәжірибе алмасты

Шымкентте жүрек орталығының 20 жылдық мерейтойына орай еліміздің үздік кардиохирургтардың қатысуымен шеберлік сабақтары өтті.

Еліміздің үздік кардиохирургтары Шымкентте тәжірибе алмасты
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Іс-шара барысында Юрий Пя бастаған бір топ білікті мамандар жүрегінде ақауы бар науқастарға күрделі ота жасады. Тәжірбие алмасу мақсатында өткен ота кезінде кардиохирургтар 
науқасқа жасанды жүрек сорғысын қойып берді. Мамандар бұл  құрылғы жүректің қан айналымын қалпына келтіруге көмектесетінін айтады.

- Біз бүгін жаңа технологияларды қолдана отырып, күрделі оталар жасадық. Операция кезінде “LVAD” құрылғысын қолдандық. Бұл құрылғы- жасанды жүрек сорғысы. Құрылғыны ауыр жүрек жеткіліксіздігі бар адамдарға орнатады. Кейде жүрек трансплантациясын күтіп жүрген адамдарға қояды. Бұрын мұндай отаны ашық түрде жасайтын едік. Ал қазір заманауи құрылғылардың көмегімен тіліксіз жасаймыз, - дейді еліміздің бас кардиохирургы Юрий Пя. 

Сондай-ақ, іс-шара барысында күрделі оталардан бөлек, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Махаббат Бекбосынова бастаған дәрігерлер командасы жүрек жеткіліксіздігі проблемасының негізгі мәселелері бойынша дәрістер өткізді.

Қазір оқып жатыр

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

.

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Аурухана

КҚК мұнай қабылдауды қайта бастады

КҚК шабуылы