USD
USD
USD

Еліміздің солтүстігінде жұмыс күші жетіспейді

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірде жол құрылысы саласында мамандар жетіспейтінін мәлім етті.

Еліміздің солтүстігінде жұмыс күші жетіспейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әкімдік отырысында аймақ басшысы әлеуметтік салаға жетекшілік ететін өзінің орынбасары Гани Нығметовке жол құрылысы мамандарын даярлауды тапсырды. «Жыл сайын жол құрылысындағы жұмыстар көбейгендіктен, бізде жұмыс күші тапшы. Басқа өңірлерден жұмысшыларды тартуға тура келді. Бұл дұрыс емес. Өз өңірімізден жұмыс күшін тартуымыз керек. Жұмыс көлемі аз болмайды», - деді Қ.Ақсақалов. Облыс әкімінің айтуынша, құрылыс саласындағы жұмыс көлемінің өсімі мердігер ұйымдарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді. «Екі жыл бұрын жол жөндеу жұмыстарына 21 компания тартылған болатын, олардың тек жартысы ғана бізде орналасқан, дәлірек айтсақ, Солтүстік Қазақстанда тіркелген. Биыл әрбір төрт мердігердің үшеуі – біздің жергілікті компаниялар. Нәтижесінде жергілікті мердігерлерді жұмыспен қамтамасыз ету арқылы салық базасы артып, бизнес дамиды. Мемлекеттік қолдаудың және жаңа жұмыс орындарының арқасында біз бюджеттің кіріс бөлігін 170% асыра орындаймыз. Бұл ең алдымен салықтар есебінен», - деп атап өтті Қ.Ақсақалов.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай