USD
USD
USD

Еліміздің ОПЕК+ келісіміне кіруі тиімді ме? 

 Биылдың өзінде мұнай экспорттаушылардың ұйғарымы нәтижесінде Қазақстан мұнай өндірісін 86 млн тоннаға шегереді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің ОПЕК+ келісіміне кіруі тиімді ме? 
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл бастапқы жоспардан 4 миллионға аз. Сарапшылар ОПЕК+ келісімінің маңызды екенін айтады. Себебі, еліміз мұнай өндірісінен гөрі бағасының өсуіне мүдделі. Мұнай өндірісінің айтарлықтай азаюы экономикаға соққы болғаны анық. Қазақстандық мұнайға сұраныс бар. Бірақ бағаның тиімді құрылуы тек ОПЕК+ келісімшартына байланысты болмақ.

«Ұсыныс пен сұранысты тең ұстау маңызды», дейді мамандар. Ал бюджет толығу үшін баға өсуі керек. Қазірдің өзінде мұнай құны альянстың өндірісті азайтуына ықпал етті.  Мысалы Brent маркалы өнім наурыздың ортасында 36 доллардан асқан. Десе де, өндірісті азайтып, экономикаға әсер етпеу мүмкін емес. Бүгінде еліміздегі мұнай-газ саласы ЖІӨ-нің 15%-і құрайды. Ал кірістің 40%-і осы мұнайдың үлесінен. Енді бұл көрсеткіш 5%-ке дейін түсіп кетуі ықтимал. Яғни, ахуал нашарлап, жұмыссыздық дендеуі мүмкін. Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығында соңғы рет мұндай көрсеткіштің 25 жыл бұрын тіркелгенін айтты.

Қазір оқып жатыр

ҰҚК Астанада жоғары лауазымды полиция қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Әлия Мақаева

«Әділет» өткізген әйелдер форумында отбасы құндылығы мен әйелдер кәсіпкерлігі талқыланды

Әділет партиясы

Қонаев гарнизонында сарбаз төртінші қабаттан құлап, ауруханаға түсті

Санжар Жанат

Тамызда теңге бағамына қандай факторлар әсер етуі мүмкін?

Ақша