USD
USD
USD

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

 2022 жылдың 19-22 cәуір аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында (2700 метр биіктігінен жоғары) жылымық әсерінен қар жамылғысының тұрақсыз болуына және жауын-шашынның күтілуіне байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде және таулы, тау бөктерлі аудандарда найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында және таулы, тау бөктерлі аудандарда екпіні – 15-20 м/с. Шымкент: 19 сәуірде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан: 19 сәуірде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі.

Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында кей уақытта 23 м/с күтіледі. Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с сақталады. Атырау облысының батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.       Алматы облысында таулы және тау етегіндегі аудандарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде 17-22 м/с, Жалаңашкөл ауданында екпіні 25 м/с күтіледі.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында 1 млрд теңгедей қаржыға салынған канал опырылып түсті

Қарақат каналы

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.