USD
USD
USD

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің біраз өңірінде ауа температурасы төмендеп жатыр. 

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Атырауда күндіз 22 қыркүйекте оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 м жылдамдықпен жел соғады. 22 қыркүйекте Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында 4 градусқа дейін үсік сақталады. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 22 қыркүйек Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында 22 қыркүйекте жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с. 22 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 22 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Түнде 22 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында 1-6 градус үсік күтіледі. Бесқарағай, Үржар аудандарында төтенше өрт қаупі күтіледі. 22 қыркүйекте түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. 23-24 қыркүйекте түнде Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарда, тау бөктерінде топырақ бетінде 1-3°С үсік күтіледі. Тәулік бойы 22, түнде 23 қыркүйекте Жамбыл облысының таулы аудандарда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с, 24 қыркүйекте облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде 22-24 қыркүйекте таулы және тау бөктерлі аудандарда топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі. Тараз қаласында күндіз 24 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

.

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Ердоған, Тоқаев

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

ауа сапасы

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты

.