Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Еліміздің бірқатар аймағында қар жауды

 Еліміздің 9 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер мәліметінше, ертең Солтүстік Қазақстанда қар аралас жаңбыр жауады.

Еліміздің бірқатар аймағында қар жауды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақмола облысында ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендейді. Аймақта желдің екпіні секундына 28 метрге жетуі мүмкін. Қарағанды облысында түнде қар жауды. Кеше ғана жаймашуақ болған күн райы қазір 0 градустан төмен болып тұр. Синоптиктердің болжамы бойынша күндіз ауа температурасы минус 6 градусқа дейін түсуі ықтимал. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, облыстың кей жерлерінде секундына 28 метр жылдамдықпен қатты жел соғады. Ал өңірде жылу беру маусымы 25 қыркүйекте басталды.

«Қазгидромет» РМК қысқа мерзімді ауа райы болжамы басқармасының басшысы Алуа Саханова: «Алдағы 3 күнде Қазақстанның көптеген өңірлеріндегі синоптикалық жағдай солтүстік-батыстан келетін суық антициклонмен анықталатын болады. Ол бұлтты өрістерді біртіндеп таратады, осыған байланысты түнде ауа температурасы минустық мәнге дейін төмендейді. Тек республиканың солтүстік және шығыс өңірлері ғана солтүстік циклон жырасының ықпалында болады. Мұнда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, екпінді жел, көктайғақ, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман күтіледі» деді.

  

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында генератор ұрлағандар бір ауылды сусыз қалдырған

генератор ұрлығы

Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша айыпталушы сотта қысым көргенін мәлімдеді

Күдікті, Нұрай

Павлодар облысында кәріз құдығындағы алты адамның өлімі: үш күдікті ұсталды

Кісен

Тоқаев Колумбия жойқын жер сілкінісіне байланысты ел Президентіне көңіл айтты

жер сілкінісі