USD
USD
USD

Еліміздің бес облысында күн райына қатысты ескерту жасалды

18 ақпан күні Қазақстанның бес облысында күн райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Еліміздің бес облысында күн райына қатысты ескерту жасалды
Фото: NEGE.kz

Астана. NEGE. 18 ақпан түнінде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі. Түнде оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с дейін жетеді.

Петропавлда 18 ақпанда күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпінінің 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

 Оралда түнде және таңертең тұман түседі.

Түркістан облысының оңтүстігінде тұман болады. Шығыс, оңтүстік-шығыстан таулы аймақтарда жел 15-20 м/с дейін жетеді.

18 ақпанда күндіз Маңғыстау облысының батысында көктайғақ күтіледі.

Ақтауда күндіз көктайғақ күтіледі.

Солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында жел екпіні 15 м/с дейін жетеді.

Ақтөбеде түнде және таңертең тұман түседі.

Еске салайық, синоптиктер болжамы бойынша 18 ақпанда Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз күн райы күтілуде. Республиканың тек оңтүстік-батысында және солтүстігінде атмосфералық ағындардың жылжуынан қар жауып, жаяу бұрқасын болады, оңтүстік-батыста жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама