USD
USD
USD

Еліміздің ауыл мектептеріне 415 мектеп автобусы жеткізілді

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында еліміздің өңірлеріне 415 жаңа мектеп автобусы жеткізілді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еліміздің ауыл мектептеріне 415 мектеп автобусы жеткізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Түркістан, Қызылорда және Павлодар облыстарының мектеп автопаркі толықтырылды.

"Биыл алғаш рет өңірлердегі мектеп оқушыларын тасымалдау үшін білім ошақтарын автобустармен біржолғы қамтамасыз ету міндеті жан-жақты қаралды. Ескірген автопаркті ауыстыру және автокөліктің жеткіліксіз санын алып тастау туралы мәселе шешілді. Қазір облыстың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп қалған автобустарды өңірге жеткізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова.

Айта кетейік, жаңа автобустар қауіпсіздік белдіктері бар балалар орындықтарымен, балаларды салонда қалдырудың алдын алу жүйесімен, салонның артқы жағында апаттық шығу жолымен, балалардың бар екендігі туралы сигнал беретін арнайы шамдардың болуымен және балаларды тасымалдау процесінде шамдардың тұтануымен жабдықталған.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстаннан шығарып жіберу керек»: Тұрсынбек Қабатов екінші рет үйленгенін сынағандарға жауап берді

Тұрсынбек Қабатов

Президент жаңадан тағайындалған ҰҚК басшысына ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесін реформалауды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев және ҰҚК басшылығы

Тәлімгері барын білмейтін жасөспірімдер көп – депутат

Екатерина Смолякова

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын ауыстырды

Сағымбаев, Ирменов