USD
USD
USD

Еліміздің алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің алты облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Еліміздің алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE.  29 қаңтарда түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыс орталығы мен шығысында – көктайғақ, бұрқасын, облыстың солтүстігінде – тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыс орталығында және шығысында 15-20 м/с.

Қызылордада 29 қаңтарда көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі. 29 қаңтарда түнде

Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында тұман күтіледі.

29 қаңтарда түнде Ақтауда көктайғақ күтіледі. 29 қаңтарда оңтүстікте, Қарағанды облысының орталығында баяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, оңтүстікте, облыс орталығында екпіні 15-20 м/с.

Жезқазғанда 29 қаңтарда күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 29 қаңтар күні түнде және таңертең Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде және таулы, тау бөктеріндегі аудандарда - тұман, күндіз-көктайғақ. Облыстың батысы мен оңтүстігінде және тау бөктеріндегі аудандарда оңтүстік-батыстан соққан жел 17-22 м/с, таулы аудандарда және облыстың солтүстігінде 25 м/с, таулы асуларда 30 м/с болады деп күтілуде.

Шымкентте 29 қаңтарда түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с, Түркістан облысында 29 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с жетеді, 29 қаңтарда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, таңертең және күндіз 30 м/с жел соғады.


 

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Александр Пак

ҰБТ басталған алты аптаның ішінде 624 талапкердің нәтижесі жойылған

ҰБТ

CTS Астанадағы LRT-ның келесі кезеңіне Қытай биржасынан инвестиция тартыла ма?

.

Мәжіліс төрағасы Брест қамалы музейіне Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты

Ерлан Қошанов