USD
USD
USD

Еліміздің 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Еліміздің 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. 8 ақпан күні Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында 15-20 м/с жел соғып, ол оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай ауысады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.

8-9 ақпан күндері Жамбыл облысының солтүстік-шығысы, оңтүстік-батысы мен таулы аудандарында тұман түседі, көктайғақ. Облыстың солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Таразда тұман болмақ.

8 ақпан күні Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман тұседі. Облыстың оңтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында көктайғақ, тұман, күтіледі. Қызылордада тұман болады.

Түркістан облысының оңтүстігі, батысы, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ.

Шымкентте де тұман, көктайғақ болады. Түркістанда 8 ақпан күні түнде және таңертең тұман түседі, көктайғақ.

Қазір оқып жатыр

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік