USD
USD
USD

Еліміздің 6 облысында күн райына қатысты ескерту жасалды

Қазақстанның алты облысында найзағай жарқылдап, жаңбыр жауып, қатты жел соғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еліміздің 6 облысында күн райына қатысты ескерту жасалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 25 маусым күні күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай жарқылдап, дауыл соғады. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с-ға дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары. 25 маусым күні күндіз Қостанайда найзағай жарқылдайды.

25 маусым түнінде Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында өрт шығу қаупі жоғары. Павлодарда өрт шығу қаупі сақталады.

25 маусым күні күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде найзағай жарқылдайды. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел екпіні 15 м/с дейін жетеді. Күндіз Ақтөбеде найзағай жарқылдайды.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Александр Пак

ҰБТ басталған алты аптаның ішінде 624 талапкердің нәтижесі жойылған

ҰБТ

CTS Астанадағы LRT-ның келесі кезеңіне Қытай биржасынан инвесиция тартыла ма?

.

Мәжіліс төрағасы Брест қамалы музейіне Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты

Ерлан Қошанов