USD
USD
USD

Еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

 Аяз беті қайтқанмен жел соғып, жолдағы көлік қатынасы қиындады. Еліміз бойынша 13 өңірде ескерту жарияланған.

Еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетіп отыр. Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпарат бойынша, қазір республикалық маңызы бар 72 жол және облыс аумағындағы 125 бағыт уақытша жабылған. Құтқарушылар мен сақшылар жұмыс істеуде. Ал елордадан Павлодарға, Петропавлға, Шідерті мен Атбасарға барғысы келген жолаушылар болса, күннің жылынғанын күтулеріне тура келеді. Өйткені бұл бағыттарда қозғалысқа шектеу қойылған. Қара суықта жолда қалып қойғандар көп қой.

Өткен тәуліктің өзінде мамандар екі жүз адамды құтқарып алған. Арасында балалар да бар. Солардың барлығын жылыту орындарына жеткізіп жатыр. Қазір онда алты жүзден астам адам бар деп естідік. Қауіпті жолдардағы жағдайды бақылауға әрі көмек көрсетуге мың жарым маман мен сегіз жүз техника тартылды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер