USD
USD
USD

Еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" синоптиктері 11 өңірде дауылды ескерту жариялады.

Еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде тұманды болады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде 15-20, түнде екпіні секундына 23-28 метр. Өскеменде түнде қатты аяз 33-35 градус болады.

Абай облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Түнде облыстың солтүстігінде тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20, түнде екпіні секундына 23-28 метр. Түнде қатты аяз 30-35 градус. Семейде 27 қарашада түнде қатты аяз 33-35 градус.

Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні секундына 15-20 метр.

27 қарашада Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде шығыстан жел соғады секундына 15-20 метр.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ болады. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, түнде облыстың орталығында екпіні секундына 23 метр. Ақтауда шығыстан жел соғады, түнде екпіні секундына 15-18 метр.

Алматы облысының солтүстігінде, шығысында және таулы, тау бөктеріндегі аудандарында жолдарда көктайғақ, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні секундына 23-28 метр. Алматы мен Қонаевта жолдарда көктайғақ болады.

27 қарашада Жетісу облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерінде тұман, көктайғақ болады.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық