Еліміздің 10 өңірінде ескерту жарияланды
Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның кей өңірлерінде күшті жел соғып, найзағай жарқылдайды.
Алматы, NEGE. Күндіз 11 сәуірде Алматы облысының солтүстігінде және шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с дейін. Талдықорған қаласында күндіз 11 сәуірде солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Нұр-Сұлтан қаласында да күндіз бұл күні оңтүстік-шығыстан жел соғады. Қарағанды облысының батысында найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, орталығында екпіні 23-28 м/с дейін жел соғады. Жезқазған қаласында найзағай жарқылайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан күндіз екпіні 18 м/с дейін жел соғады.
Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай, тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Қостанай қаласында шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Бұл күні күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл болады деп болжанады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарда 15-20, екпіні 23 м/с. Шымкент қаласында күннің соңында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күннің екінші жартысында екпіні 15-20 м/с. Қызылорда облысының орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қаласында 11 сәуірде күндіз найзағай күтіледі.
Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында күндіз 11 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі. Күндіз 11 сәуірде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. 11 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Петропавл қаласында күндіз 11 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болуы мүмкін. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болады.