USD
USD
USD

Еліміздегі сапасыз оқу орындары анықталды

Қазақстанда қауіптілігі жоғары 2,7 мың білім беру мекемесі тексерілмек. Оның құрамына 1,5 мың балабақша, 1,1 мың мектеп және 97 колледж кіреді, деп

Еліміздегі сапасыз оқу орындары анықталды
Фото: NEGE.kz

жазды Orda.kz.

Алматы, NEGE. Білім министрлігі бұл тізімді жасау үшін алғаш рет қауіпті нысандарды таңдаудың автоматтандырылған жүйесі қолданылғанын мәлімдеді.

Бағдарламада мұғалімдердің сапалық құрамы, материалдық-техникалық базасы, мемлекеттік білім беру стандарттары, үлгілік жұмыс ережелері және басқа да критерийлер талданады.

Енді министрлік қызметкерлері бұл мекемелердің жұмысын тексеретін болады. Шенеуніктер бұл ұйымдардың барлығын 2024 жылы қатаң тексермек.

Сенімсіз білім беру нысандарының тізімі 2023 жылдың 25 желтоқсанына дейін Білім министрлігі Білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің және Бас прокуратураның сайттарында жарияланатын болады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда туған 22 мыңнан астам медбике шетелде жұмыс істейді – ЭЫДҰ

Дәрігер мен науқас

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова