USD
USD
USD

Еліміздегі референдум нәтижелері жарияланды

5 маусым күні өткен референдумда дауыс берген қазақстандықтардың 77% астамы ел конституциясына өзгерістерді қолдап дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді.

Еліміздегі референдум нәтижелері жарияланды
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. «Еліміздің барлық өңірінен дауыс беруге қатысқан азаматтардың 77,18%-і конституцияға өзгерістер енгізуді қолдап дауыс берді», – деді Әбдіров.  

ОРК төрағасы дауыс берушілер саны 68,05%-ті құрағанын алға тартты.

«Референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 11 734 642 адамды құрады. 2022 жылғы 5 маусымда ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша бүкілхалықтық дауыс беруге 7 985 769 немесе референдумға қатысу құқығы бар адамдар санының 68,05 процентін құрады. Осылайша «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 31-бабына сәйкес референдум өткізілді деп есептеледі. Республикалық референдумға шығарылған Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар, егер олар үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі», – деді ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Қазір оқып жатыр

Астанада полиция формасымен видео түсірген блогер Justice Adilet ұсталды

Әділет Қаликеев

Түркістан облысында жол апатынан бір отбасының бес баласы көз жұмды

Жедел жәрдем

Қазақстанда жанармай тапшылығы жоқ – Энергетика министрлігі

Бензин, дизель

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов